Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты 10 күндік іс-шаралар
12-02-2019 10:36
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты 10 күндік іс-шаралар

Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 1-і мен 12-сі аралығында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі К. Бимендина және пән мұғалімдері, мектеп психологы Ж.Елеусизова, әлеуметтік педагог C Базарбаеваның ұйымдастыруымен «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты 10 күндік іс-шаралары өз мәнінде өтті. 
Атап айтсақ, 1 ақпан күні мектепалды даярлық тобы,1-11 сыныптар арасында 10 күндік іс-шараның ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті. 4 ақпан күні 1-10 сыныптар арасында С.А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармалары бойынша кітапханашы оқушыларға көп мәлімет бере отырып өткізді.
4 ақпан күні мектепалды даярлық -10 сыныптар аралығында «Руханилықтың мөлдір бұлағы, Ана, мейірім, бейбітшілік достық, астана» тақырыбында оқушылар шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Оқушылар бейімдеріне қарай бірі сурет салса, әр сынып қабырға газеттерін салып ілді. Сонымен қоса, қолөнер бұйымдарын шығарды. 
5 ақпан күні «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті. Акция бойынша әлеуметтік педагог С.Базарбаева көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға қысқы киім мен сөмкелер үлестірілді.
6 ақпан күні мектепалды даярлық -10 сыныптар арасында «Алтын жүрек» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
9 ақпан күні мектеп психологы Ж.Елеусизованың ұйымдастыруымен «Мамандығым-мақтанышым» атты апталық аясында оқушылармен психологиялық тренинг-сабақ өткізілді. Тренинг барысында жоғары сынып оқушылары өз белсенділіктерін, мамандыққа деген қызығушылықтарын іс-әрекеттерімен көрсете білді. 
7 ақпан күні пән мұғалімдері К.Бимендина мен «Ұжымдағы қарым-қатынас» атты 7 сыныппен ашық сабақ жүргізді. Бұл сабақта оқушылар әдептілік тәртіптерімен, қарым-қатынас жасау түрлерінің тәрбиелік мәндерін кеңінен түсінді. Сонымен қоса, ата-аналар арасында «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбында тренинг жұмысын ұйымдастырды.
11 ақпан күні 9 сыныптар арасында театрланған көріністі мектеп кітапханашысы Ә.Жұмақаева жоғары деңгейде ұйымдастырды.Бұл көріністі аудандық өзін-өзі тану апталығының 10 күндігінде көрсетіп, І орынға ие болды. 
11 ақпан күні аудандық 10 күндікте «Қайрымдылық-жер бетінде» атты тақырыпта Ж.Елеусизова мен С.Базарбаева флэш-моб дайындап ІІ орынға ие болды.
12 ақпан күні «Мейірімділік-асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Кәусар бұлақ-тұнығынан» атты тақырыптарда пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Онкүндік өз мәнінде өтті, оқушылар өте белсене қатысты.