Размер шрифта:
↑Наверх
Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бастауыш сынып апталығы
04-02-2019 10:25
Бастауыш сынып апталығы

Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылы 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында бастауыш сыныптар арасында өткен
«Бастауыш – бар білімнің негізі» атты апталық өткізілді.

28 қаңтар күні апталықтың ашылуы өтті, сонымен қатар «Табиғатқа саяхат.Пп дыбысы мен әрпі» атты 1 сыныппен Какенова Айнаштың ашық сабағы өтті.

Сонымен қатар Тажикенова Назгүлдің мектепалды сыныбында өткізген «Фигуралар» атты ашық сабағы да тартымды, әрі қызықты өткенін мақтанышпен атауға болады.

1 ақпан күніСейфуллина Ұлжанның 3- 4 сыныппен«Бастауыш сынып дарабозы» атты сайысы жоғары дәрежеде өтті.


30қаңтар күні 2 сыныппен Сансызбайқызы Қымбаттың «Кім жылдам?» атты спорттық сайысы өтті.

31қаңтар күні 1-4 сыныптардың арасында тартыс ты да, қызықты «» сайысы өтті.

Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері көптеген қызықты сыныптан тыс шаралар өткізді. 
1-4 сыныптар арасында өткен «Туған жер алтын бесігім» сурет байқауы, «Отан отбасынан» мәнерлеп оқу сайысы, «Үздік дәптер» байқауы.

31 қаңтар күні 1 - 4 сынып оқушылары арасында «Отан отбасынан басталады» атты мәнерлеп оқу байқауы болды. Сайысқа 15 бала қатысып, үздіктерге орын берілді. Олар: 1 сыныптан – Байдулат Мәдина, 2 сыныптан – Балтабай Кәусар, 
3 сыныптан– Қарабек Азамат, 4 сыныптан – Жақан Ділнәз орындарға ие болды.

01 ақпан күні «Үздік дәптер» сайысы өтті. Бастауыш сынып оқушыларының үздік дәптерлері көрмеге қойылып, көркем жазу туралы баяндама жасады. «Үздік дәптер» байқауы бойынша 4 сынып Мұхамеджанова Айым,3 сынып оқушысы Ғалы Інжу, 1 сынып оқушысы Байдулат Мадина қатарлы оқушыларға ерекше баға беріліп, мадақтама қағаздармен марапатталды.
Апталықтың жабылуына арналған «Бақытты балалық шақ» атты ертеңгілікте белсенді оқушылар мадақтамамен атап өтілді. Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді айтуға тұратын жайт.