Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 445
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 706
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ!
26-07-2024 12:26
МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ  ЛАГЕРІ!
МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ 
ЛАГЕРІ! ☀️
Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебі жанындағы "БАЛДӘУРЕН" лагерінің жоспарына сай лагерьдің соңғы күні,жабылу салтанаты да сәтті өтті. Таңертеңгілік балалардың ұйымдастырылуымен  салтанатты түрде лагерьдің жабылуына байланысты концерт болып өтті.
   Бұл концертте балалар лагерьден үйренген өнерлерін паш етті. Бірі ән айтып, бірі би биледі. Концертке ата-аналар қатысып, белсенділік танытқан балаларды Лагер басшысы Тажикенова Н. алғыс хаттармен марапаттады.  
Сонымен қатар лагерьдің жабылуында биден флеш-моб өтті, онда балалар өздерінің билеу өнерін көрсетті.
      
Балалар лагерьде уақыттарын көңілді де тартымды, мазмұнды өткізді. Соңғы жиында маусымның шығармашылық және спорттық қорытындысы жасалды. Балаларға келесі жылы лагерьде қайта кездесуге тілектер айтылды.
   
1 айға созылған мектепішілік лагерь өте қызықты өтті. мәз болып қоштасып, бір-біріне және тәрбиешілерге жылы лебіздерін арнап үйлеріне тарасты.
#біртұтастәрбие
#ulytausummer2024
#жазғылагерь