Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 426
жаман - 93
жақсы - 61
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 680
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Жазғы мектеп"
30-05-2024 17:59
 
27 мамыр күні Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде "Жазғы мектеп"аясында  қызықты да тартымды түрлі жұмыстар ұйымдастырылды. Жоспарланған сабақ кестелеріне сәйкес әрбір сынып өз жұмыстарын бастап кетті.  Математика пәні бойынша 1-4 сыныптар тақырыптарына сәйкес сабақтар өткізді. Сабақ барысында 1 сынып оқушыларына "Доп лақтыру",  'Ретін тап,""Би алаңы" "Адасқан сандар'','Қандай сан жасырынды?"Жемістер кәрзеңкесі" ойындары арқылы оқушылардың қызығушылығын туғызса,
2 сыныптар арасында математика пәнінен " түрлі топтық тапсырмалар ұйымдастырды.  "Серпілген доп" ойыны арқылы көбейту кестесі сұрап,оқушыларға  дамыту жаттығуларын жасатты.
3 сыныпта арасында математика пәнінен "Мақалды тап" "Эстафета,"Көбейту кестесі арқылы бөлу" ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып өтті. Сабақ соңында "Ақылды үкі"әдісі арқылы кері байланыс жүргізді.
4 сыныптар бойынша математика пәнінен  "Санның құрамы", Кім жылдам?,Ұялы телефон ойындары ойнатылды.Тапсырма орындаған оқушылар мадақтау сөзі арқылы бағаланды. Ойын арқылы өтілген сабақтар оқушының қызыгушылығын арттырды.
#жазғымектеп2024