Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 439
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 699
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебі, балаларды 1 сыныпқа қабылдау басталғанын хабарлайды!
10-05-2024 17:22
Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебі, балаларды 1 сыныпқа қабылдау басталғанын хабарлайды!

Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебі, балаларды 1 сыныпқа қабылдау басталғанын хабарлайды!

“Бастауыш,негізгі орта және жалпы орта  білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістерін енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 16 бұйрығы негізінде, “9-2 – тармағы бойынша, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуір мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.”

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі :

1. Ата-анасының  немесе заңды өкілдерінің өтініші;

2.” Профилактикалық екпелер картасы”  № 065-у- нысанды және” Бала денсаулығының паспорты” № 052-2/у-анықтамалары;

3. Баланың 3x4 өлшеміндегі 2 дана фото суреті;

4. Жеке басын растайтын (түп нұсқасын сәйкестендіру үшін қажет,ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немес е цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

- көрсетілетін  қызметті  электрондық  және  қағаз түрінде де қабылданады.