Жаңаарқа ЖББМ асханасында тегін ыстық тамақты ұйымдастыру.
Жаңаарқа ЖББМ де бір мезгіл ыстық тамақ 4 қыркүйектен бастап берілді. 1-4 сыныптар бойынша 54 оқушы, аз қамтылған,көп балалы отбасы балаларынан шыққан 32 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақытта білім алушылар уақытында тамақтанады. 5-11 сыныптар 2ші сабақтан кейінгі 15 минуттық үзілісте тамақтанса, 1-4 сыныптар 3ші сабақтан кейінгі 15 минуттық үзілісте тамақтанады. Тамақтану блогының санитарлық-техникалық талаптары қанағаттандырады. Мектепте әр-түрлі тағамдар сақтауға арналаған тоңазытқыштар бар. Мектепте 1 аспазшы және 1 көмекші қызметкер жұмыс атқарады. Тамақ күнделікті ас мәзіріне сай дайындалып, беріліп отыр.