"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы
25.05.2022ж Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы уақытында басталып, өз мәнінде жақсы аяқталды. Мерекелік іс-шараға Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдың әкімі - Бүкірбаев Думан Зейнуллахабдинұлы, Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы - Икенов Азамат Амангелдіұлы, АББ әдіскері - Көбеева Гүлшаһар Жарылқасынқызы, ардагер ұстаздар қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілектерін білдірді. Сонымен қатар, мектеп директоры К.Ж.Бимендина 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу озаттары мен педагогтерді, мектептің тыныс-тіршілігіне, қоғамдық іс-шараларға белсенділік танытқан ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды марапаттады.
Құрметті, түлектер, соғылған соңғы қоңыраудың үнімен үлкен өмірге аттаған қадамдарыңыз құтты болсын!