"Ғылымға құштар жас өрен" атты мектепшілік ғылыми-практикалық конференциясы
Жаңаарқа ЖББ мектебінде 08.04.2022ж "Ғылымға құштар жас өрен" атты мектепшілік ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Мақсаты: оқушылар арасында ең талантты, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету.
Әділ қазылардың қорытындысы бойынша:
1-орын 8-сынып оқушысы Бейсен Толғанай Серікқызы.Тақырыбы: "Менің ауылымның тарихы". Жетекшісі: Жаркенов Дархан Зекенович; 8-сынып оқушысы Балтабай Заманбек Ғалыұлы. Тақырыбы: "Біздің заманымыздың қаһармандары". Жетекшісі: Сейфуллина Улжан Боранбаевна.
2-орын 2-сынып оқушысы Бұқпа Айрат. Тақырыбы: "Балдың пайдасы мен емдік қасиеті". Жетекшісі: Тукенова Нургүл Имангалиевна; 10-сынып Бидайбаев Аслан. Тақырыбы: "Бордың адам денсаулығына зияны".
3-орын 9-сынып оқушысы Марғұлан Айзада Әбілқайырқызы. Тақырыбы: "Оқушылар арасында пайдаланатын ағылшын тілінен енген кірме сөздер". Жетекшісі: Канафина Айжан Армановна; 4-сынып оқушысы Байдулат Мадина. Тақырыбы: "Әлем және сандар. Көбейтудің әртүрлі тәсілдері". Жетекшісі: Какенова Айнагүл Какеновна.
1-орын иеленген жас өрендерімізге аудандық кезеңінде сәттілік тілейміз.