Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 651
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Денсаулық күні
15-09-2017 13:53
Денсаулық күні

Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты ұранмен денсаулық фестивалі болып өтті.Аталмыш акция кең көлемде аталынып, оған ауыл әкімі, мектеп директоры, ата-аналар, 1-11 сынып оқушылары түгел қатысты.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталған фестивальдің алғашқы құттықтау сөзін алған мектеп директоры К.Ж.Бимендина кең ауқымды акцияның басты идеясы- қоғамдық денсаулықты сақтауға барлық халықтың күшін біріктіру екендігін айтып өтті.Шақырылған қонақтар да өз лебіздерін білдіріп кетті. Акция барысында мектептің спорт мақтаныштары облыстық, республикалық  сайытардың жеңімпаздары мен жүлдеггерлерін ортаға шақырып, оларға құрмет көрсетілді.Мектеп медбикесі Т.Сапарова «Салауаты өмірді қолдаймыз» атты денсаулық сәтін ойдағыдай өткізді. Онда барлық қоғамды дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту сияқты ережелермен оқушылармен ой бөлісті.