Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, барлық қоғамды дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану мақсатында қағидаларын сақтау, зиянды əрекеттерден бас тарту мақсатында, республикамызда "Денсаулық фестивалі" кең ауқымды марафонын жыл сайын өткізуге бастамшылық етеді. Аталған іс-шара салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста бəрінің аман -сау болуына ықпал ету мақсатында қол жеткізу үшін маңызды.
Оқушылармен қатар ата-аналар, мұғалімдер, жалпы ұжым қатысатын бұл марафон мектебіміздің жылдағы өтетін іс-шарамыздың біріне айналғаны шындық. Биылғы аталған марафон оқушылар арасындағы заманауи, көңілді əрі топтық "Флеш-моб" би жарысынан басталып, түрлі спорттық ойындармен ұласты. Атап айтқанда "Баскетбол" , "Үстел теннисі", "Футбол", "Көңілді старт", "Эстафеталық таяқша" ойындарын ойнатқан дене шынықтыру пəндерінің мұғалімдері М.Т.Мейіржанов пен А.М.Бүлкенов оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарының зор екенін тағы да дәлелдеді.
Денсаулық фестивалі