Ескене ауылдық округі
25726, 25784
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Мектепішілік ыстық тамақ берілісі туралы
09-04-2019 14:16

Талдыбұлақ ЖОББ мектебінде

2018 - 2019 оқу  жылындамектеп асханасында  ыстық тамақ берілісі туралы

 

                                                         Ақпарат

 

         Жаңаарақа ауданының білім бөлімінің 11.01.2019 ж. №4 «Мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде мектепішілік тамақтану мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті. Жиынның қаулысы бойынша мектеп асханасынан 1 реттік ыстық тамақпен мектептің 16 баласы қамтылған. Бұлар аз қамтылған, толық емес отбасы балалары.

         18.01.2019 ж. №6 бұйрықтың орындалысын бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Тоқбергеновке жүктелді.

         Мектеп асханасын аудандық  жеке кәсіпкер «Меруерт» (М.К.Оспанова) жалға алып жұмыс жасайды. Асханада  балалардың тамақтану рациондарына дәруменді-минералды кешенмен байытылған тағамдар беріледі. Мысалға; балық, бал, йодталған тұз, әртүрлі салаттар. Асханада тыйым салынған  тағамдар, газдалған, газдалмаған сусындар, хот-догтар, пицца, сағыз т.б сатылмайды.

          Мектеп асханасы күрделі жөндеуді талап етпейді, ағымдық жөндеу жұмыстары  өз мерзімінде жүргізіліп отырылады.   

         Асхананың  қазіргі жай-күйі  қанағаттанарлық.  Асханада  ыдыс-аяқ, асхана құрылғылары жетіспейді. Атап айтсақ, оқушылардың 1-ші тамақ ішетін тарелкалары мүлде жоқ, 2-ші, 3-ші тамақ ішетін тарелкалар, бокалдар толық жетіспейді. Су қайнататын /электрокипятильник/, тоңазытқыш /морозильная камера/  істен шыққан.  1-ші тамаққа арналған үлкен /10-20 л/  кастрюльдер жоқ. Осы күнге дейін   аспазшы ішінара өзі ыдыс - аяқтармен қамтамасыз етіп отыр.  Бұл жөнінде аудандық білім бөлімі мен жалға алушы жеке кәсіпкер М.Оспановаға ескертілген. Олар  өз кезегінде  бұл  мәселенің шешу жолдарын қарастырылып жатқандығын айтты. Аудандық білім бөлімінің басшысы  Т.Аштаевтың атына төмендегідей ыдыс-аяқтарды бөлуге  сұраныс берілген: (шығыс )

1. кастрюл  - 3 дана  /10 л -1 дана,15 л- 1 дана, 20 л- 1 дана/

2. тарелка  - 1 - ші  тамаққа-35 дана

3. тарелка -  2 - ші тамаққа-35 дана

4. үлкен қасық – 35 дана

5. шанышқы - 35 дана

6. пышақтар - 7 дана

       Оқушыларға С-дәрумені берілмейді. Себебі, оқушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған, мердігер компания  бұл жағдайды қалыс қалдырған. Тазалық  шараларын жасау үшін  залалсыздандырғыш заттар мен  жуу құралдары берілмейді.  Бұл жағдайда да аспазшы өзі сатып алуға мәжбүр.

     Асханада аудандық білім бөлімінің басшысы мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  басшысының мөрімен бекітілген, 4 апталық ас  мәзірі бар.

 

                            Әлеуметтік педагог             Ү. Карибаева