Ескене ауылдық округі
25726, 25784
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Сабақ даму ордасы, ата-ана білім қолдаушы" тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
12-04-2023 17:34
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Талдыбұлақ ауылына қарасты Талдыбұлақ ЖББ мектебінде 06.04.2023 ж. күні "Сабақ даму ордасы, ата-ана білім қолдаушы" тақырыбында ашық есік күні өткізілді. 
Жоспарға сәйкес, мектеп психологы Дуанбекова Сайлаукүл ата-аналармен педагогикалық-психологиялық тренинг арқылы, ата-аналарды мектеп ортасында, өздерін еркін сезінуіне ықпал етті.
Бастауыш сынып мұғалімі педагог-сарапшы Сақабаева Салтанат 1 сынып оқушыларымен "Заттың атын білдіретін сөздер" тақырыбында "Теңге алу" ойыны әдісі бойынша, ықшам сабағын, 5 сыныпта Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі педагог-зерттеуші Тоқбергенова Нұрлыгүл Т.Нұрмағанбетов "Анасын сағынған ана" тақырыбында сапалы сабағын, бастауыш сынып мұғалімі педагог-сарапшы Құрманбаева Сұлушаш 4 сыныпқа математика пәнінен "Есепке айнымалысы бар өрнектер құру" тақырыбында сабағын, Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі педагог-сарапшы Садықова Өрік 7 сыныпта Мұхтар Шаханов "Нарынқол зауалы" тақырыбында сабағын, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі  педагог-сарапшы Кейікова Жанғаным  10 сыныпта "Торговые связи и денежное обращение кочевников" тақырыбында, 8 сыныпта тарих пәні мұғалімі педагог-модератор Жанғұтов Сәтбек "Екінші дүниежүзілік соғыстың, қандай оқиғалары тиімді болып табылады?" тақырыбы бойынша, 9 сыныпта тарих пәні мұғалімі педагог-модератор Тлеубаев Төребай "Қазақстанныңі 1997 жылдан бастап, экономикалық дамуы" тақырыбында сапалы сабақтары өткізілді.
Сонымен қатар пән мұғалімі Уайлина Еңліктің жетекшілігімен IT-class үйірмесінде 9 сынып оқушыларының қатысуымен қызықты роботтар сайысы таныстырылымы, мектеп психологы Дуанбекова С. "Буллинг-кибербуллингті алдын-алу", әлеуметтік педагог Есенбаева Айнұр "Ата-ананың мамандық таңдауға ықпалы" тақырыбында тренингтер, 5 сынып жетекшісі Ендаманова Гүлзат "Баланың бас ұстазы ата-ана" тақырыбында тәрбие сағатын, мектеп тренері Ақашева Сағадат "Бала тәрбиесіндегі сенімділік, қолдау көрсету" атты коучинг жұмыстары жүргізілді.
Мектеп директоры м.а Ендаманова Г.Қ, оқу ісі жөніндегі орынбасары Исмагулова Ж.Қ, ата-аналармен "Support сағаты" ашық микрофон жиналысын, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Карибаева Умит және тәлімгер Жүнісова Шұғыла жұмыс процесі сұхбат11