Ескене ауылдық округі
25726, 25784
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бос орындар
10-01-2023 21:27

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 8 (сегіз) сағат апталық жүктемесіне бос орын барын хабарлаймыз.

Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды.
      Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

 

 Еңбек ақы төлеу мөлшері: 80 000 - 100 000т.

Кітапхана 1 (бірлік) жұмысына бос орын барын хабарлаймыз.

КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Кiтапхананың мiндеттерi болып табылады:

1) колледждiң профилiне және пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес әдебиеттердi дәстүрлi және қазiргi заманғы тасамалдау түрлерінде жинақтау;

2) оқу процесiн қажеттi әдебиеттермен және ақпаратпен қамтамасыз ету;

3) кiтапхананың анықтама – iздестiру аппаратында толығымен көрсету негiзiнде қорды кеңiнен пайдалануды қамтамасыз ету;

4) оқырмандардың кiтапқа және ақпаратқа деген жан-жақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, олардың оқуға және өздiгiнен бiлiм алуға деген қажеттiлiктерiн дамыту;

5) оқушылардың интеллектуалдық, мәдени және имандылық дамуы мақсатында бiлiм берудi ізгілендіруге ықпал ету, қорда бар мәдени мұраны насихаттау, өз қызметiнде жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу оқырмандардың ақпараттық мәдениеттілігін тәрбиелеу, оларды кiтапты, кiтапхананы, ақпарат қорларын шебер пайдалану дағдысына үйрету.

6) сапа саласындағы Саясатты және Мақсаттарды жүзеге асыру. 

КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Колледждің кітапханасының қоры білім беру ұйымының профилiне және пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес құрылады. Оқу, ғылыми танымдылық кiтаптарды, көркем әдебиеттi және әр алуан көздердегi мерзiмдi баспасөз өнiмдерiн алады.

6. Қорды орналастырады, оны сақтау режимiн бақылайды, қордың сақталуына жауап бередi.

7. Келiп түскен әдебиеттердi жүйелелендіреді және өңдейдi, кiтаптар мен басқа да ақпарат көздерiнiң жиынтық және жеке есебiн жүргiзедi.

8. Тиісті құжаттарға сәйкес есептен шығару, қайта бөлу, айырбастау немесе сату арқылы ескiрген, тозығы жеткен, профильдi емес әдебиеттердің артық даналарын тұрақты тазартып отырады.

9. Қорды ашып көрсету мен оқу процесiне көмек көрсету мақсатында каталогтар мен картотекалар жүйесiн жүргiзедi.

10. Абонементте, оқу залында және басқа да кiтап беру пункттерiнде пайдаланушыларға үздiксiз және жедел кiтапхана қызметiн көрсетудi жүзеге асырады.

11. Колледждiң педагогикалық құрамына жүйелi ақпарат-библиография қызметiн көрсетудi жүзеге асырады.

12. Кiтапхананың негiзгi қызметі тегін жүргізіледі. Қолданыстағы тізімдердің және прейскуранттардың негiзiндегi қосымша ақылы қызметтердің тiзiмi колледждің директорымен бекiтіледi.

13. Колледждiң оқу жоспарымен және бағдарламасымен танысады, оқырман талап-тiлектерiн қанағаттандыру мақсатында оқырман мүдделерiн зерттейдi.

14. Көрмелердiң, конференциялардың, тұсаукесер рәсiмдерiнiң және бұқаралық жұмыстың басқа да түрлерінің көмегімен мазмұны жағынан маңызды баспа өнімдерін насихаттаумен шұғылданады.

15. Оқырмандарға iздеу мен ақпаратты оқу процесiнде қолдану, кiтапхананың анықтамаiздестiру аппаратында бағдарлай бiлу дағдысын сiңiру мақсатында олармен кiтапханабиблиография бiлiм негiздерi бойынша сабақтар өткiзедi.

16. Өз жұмысының және қажеттi құжаттардың күнделiктi статистикалық есебiн жүргiзедi.

17. Кәсiби құзiреттiгiн тереңдету мақсатында бiлiм беру саласындағы кiтапхана қызметкерлерiнiң үздiксiз бiлiм алу және бiлiктiлiгiн көтеру саласына қатысады

Еңбек ақы төлеу мөлшері: 80 000 - 100 000т.

 

Химия лаборанты жұмысына бос орын барын хабарлаймыз

Химия кабинетінде жұмыс жасайтын лаборанттың қызметі мен міндеттері:

  1. Лаборант кабинет меңгерушісінің қарамағында болып, техникалық жұмыстардың барлығына араласуға міндетті.

  1. Лаборант оқу құралдарының дұрыс қолданылуы мен сақталуына есеп беріп отыруы тиіс.

  2. Лаборант кабинетінің жұмыс жүйесін білуі керек және ондағы бағдарламалық және көрнекі құралдардың күтіміне, сақталуына жауапты.

  3. Оқытушының жоспары және басшылығымен лаборант сабаққа қажетті құралдарды дайындайды, есеп жүргізеді, интивациялық тіркеу жүргізеді.

  4. Лаборант оқушылардың техника қауіпсіздігі ережесін сақтауына, өртке қарсы алғашқы дәрігерлік көмек көрсету құралдарының әрдайым дайындығын қамтамасыз етуге міндетті.

  5. Лаборант сабаққа қажетті құралдарды дайындап, демонстрациялық тәжірибелер жүргізуге міндетті.

  6. Лаборант лабораториялық және сарамандық жұмыстарға қатысып, сабақтың дұрыс өтілуіне және техникалық қауіпсіздіктің сақталуына жауапты.

  7. Лаборант өз білімі мен біліктілігін әрдайым үзіліссіз дамытып, көтеріп отыруы керек.

Еңбек ақы төлеу мөлшері: 80 000 - 100 000т.