Білім беру ұйымдарындағы сайттардың толтырылуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1. 27.07.2007 жылғы «Білім туралы» ҚР Заңы;
2. 27.12.2019 жылғы «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұйрықпен бекітілген);
4. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (білім бөлімдері);
5. Педагогикалық этика ережелері;
6. Этика кодексі (бірінші басшының бұйрығымен бекітілген);
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы бірінші басшының бұйрығы;
8. Білім беру ұйымының жарғысы;
9. Оқу орнын дамыту бағдарламасы;
10. Ішкі тәртіп ережелері;
11. Ішкі аудит қызметі туралы ереже (болған жағдайда);
12. Директорлар кеңесінің ережесі;
13. Құжаттаудың типтік ережелері;
14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (колледждер) саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары);
15. Директорларды конкурстық тағайындау туралы ереже (білім бөлімдері);
16. Ай сайын бос орындар туралы ақпарат орналастыру;
17. Білім беру ұйымдарына оқушыларды, студенттерді қабылдау ережесі;
18. «Мектептегі тамақтану» айдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз ету (перспективалық, күн сайынғы ас мәзірі, тағам фотосуреті, жұмыс жоспары, тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссиялардың актілері, ведомствоаралық сараптамалық топтар).
19. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары, КС құрамы, КС отырыстарының материалдары, жұмыс жоспары;
20. Педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын және Басшылардың орынбасарларын аттестаттау туралы ереже;
21. Жатақханалардан орын беру тәртібінің қағидалары;
22. Құрылымдық бөлімшелер туралы ереже (білім бөлімдері);
23. Жазбаша жұмыстарды плагиатқа тексеру туралы ереже;
24. Дипломдық жұмысты рәсімдеуді әзірлеуге қойылатын талаптар;
25. Қаржы құжаттамасы (ҚР ҚМ 25.06.2020 жылғы № 632 бұйрығына сәйкес бюджеттің жоспары мен орындалуы, қаржыландыру жоспары, тарифтеу, бухгалтерлік баланс, мемлекеттік сатып алу, кредиторлық және дебиторлық берешек есебі, ақылы және демеушілік есептер, балалар бюджеті, іс-шаралар жоспары және осы жоспар шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың шығыстары).
Атқарылған жұмыстың нәтижелерін 12.03.2021 жылға дейін m.mukasheva@karaganda-region.gov.kz электрондық мекен-жайға қосымшаға сәйкес жолдау қажет.