Менің отбасым. Ата- анам ардақтым.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты...
Бала тәрбиесінде — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы.Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.
Оқушылар ата-ана мен бала махаббатын, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін бірге түскен фотолары, салған суреттері арқылы көрсетті.
Баланың әлеуметтік бейімделуін меңгеруін, сонымен бірге оның отбасындағы орнын, қатынасын анықтау мақсатында («Менің отбасым!» (арт-терапия)3-4-сыныптар,
«Ата-анам-ардақтым!» (фотоколлаж) 5-8- сыныптар ) акция ұйымдастырылды.
Мектеп психологі: Жакупова Г.