Бір ел-бір тағдыр
1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында "Бір ел-бір тағдыр" тақырыбында 10 сынып оқушылары, және сынып жетекшісі А.Абылкайровтың ұйымдастыруымен онлайн конференция өтті. Конференция қонағы Шыңғыс Даданбаев мырза. Балқаш қалалық мәслихатының депутаты, "Жас Отан" жастар қанатының жетекшісі. Конференция барысында маңызды пікірлер, ассамблея туралы, көпұлтты еліміздің дамуы мен жетістіктері туралы әңгіме айтылды. Оқушылар ойларын, пікірлерін айтып, қонаққа сұрақтарын қойып, конференцияның қызықты өтуіне атсалысты.