Түгіскен ауылдық округі
23482
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бұйрық
09-12-2020 15:49

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО

ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

 

 

 

 

 

 

,

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер Үйі»                   010000, город Нур-Султан, «Дом министерств»

тел.: (7172) 74-24-28, факс: (7172) 74-24-16                                                 тел.: (7172) 74-24-28, факс: (7172) 74-24-16

                                                                                                 

___________№_________________________________

 

______________________________________________

 

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

 

 

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – Министрлік)Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығын іске асыру шеңберінде тамақтану сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың қызметін жүзеге асыру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Осы ұсынымдар мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың қызметін жандандыру, олардың қызметінің бірыңғай алгоритмін енгізу мақсатында әзірленді.

Ұсыныстарды әзірлеуге білім беру органдары мен ұйымдары, ата-аналар қоғамы, үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысты. Ұсынымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген.

Білім беру жүйесі қызметкерлерінің тамыз кеңесі шеңберінде Министрлік Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп осы ұсынымдардың таныстырылымын жүзеге асырды

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Министрлік білім беру органдарының, ұйымдарының, ата-аналар қоғамдастығының, қызмет көрсетушілердің өкілдерімен қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ білім беру органдары мен ұйымдарының интернет-ресурстарында ұсынымдарды орналастыруды сұрайды.

 

 

Вице-министр                                                                            Б. Асылова