Бидайық ауылдық округі
24701, 24702
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Тіл - басты байлық
22-09-2017 15:53
Тіл - басты байлық

         Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінде тілдер күнін атап өту «Тіл-басты байлық» атты іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспар бойынша дүйсенбі күнгі таңертеңгілік жиында тәлімгер Акаева Н.Т. апталықтың іс-шаралар жоспарымен ұстаздар мен оқушыларды таныстырды. Сол күні мектептің дәлізінде әр сыныптың «Тіл-басты байлық» қабырға газеттері ілінді. 19.09. күні орыс тілі пәнінің мұғалімі Башрединова М.З. «Язык- мост дружбы» 3-4 «Б» сыныптар арасында пікірталас өткізді. 20.09. күні Асанова Қ.Д  11 «А» сынып оқушыларымен «Тіл – барлық білімнің кілті» дөңгелек үстел, Хасенова Г.А. 3 «А» сыныпта «Туған тілім - тұғырым» ойын сабақтар өтілді. 21.09. күні Айтжанов Ө. 10 сынып оқушыларымен «Латын қарпіне көшу- заман талабы» дөңгелек үстел, 7 «А» сынып жетекшісі Нусупалиева Г.Б.  «Тіл – асыл қазынам» атты сайыс сабақ өткізді. Зкрина А.Б., Мұхаметқалиева А. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері үштілділікке көшу аясында «Қазақстан менің - Отаным» полиглот 6 - 7 «А» сыныптарда өтілді. 22.09. 8 «А» сынып жетекшілері Жакупова А.С. «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты қорытынды концерттік бағдарлама ұсынды. Дүйсенбі күнгі таңертеңгілік жиында тілдер мерекесінде белсенділік танытқан оқушылар: Жампейсова А, Тлеуғабылова А, Дарбаева З, Орынбай М, Сағынтай А, Абеуов Е, Қалу З. түрлі сыйлықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.