"Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында сынып сағаты.

"Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында сынып сағаты
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру
Көрнекілігі: плакат, кітаптар, видео
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұхбат, құқықтық ақпарат.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Өткізген: Сатбергенова Б. Ж., 11 сынып