"Атасу ЖОББ" мектебінде "Жас маман - 2019" байқауы өтті.
Мектепішілік "Жас маман - 2019" байқауына 8 жас маман қатысты. Шараның мақсаты: жас ұстаздардың біліктілігін арттыру, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
Байқау екі айналымнан: 1 айналым ашық сабақ, 2 айналым таныстыру, өнерлінің өрісі кең, білікті маман-ел тірегі, сұрақ-жауап және менің демалысым кезеңдерінен тұрды. Сайыс барысында жас ұстаздар түрлі қырларымен бірінен бірі асып түсіп жатты. Әділ-қазылардың шешімімен келесі номинациялармен төмендегі жас мамандар:
- "Мейірбан ұстаз" орыс тілі пәні мұғалімі Картабаева Мақпал;
- "Жаңашыл ұстаз" химия пәні мұғалімі тБейсебаева Несібелі;
- "Шығармашыл ұстаз" кітапханашы Әбілжанова Толқын;
- "Өнерлі ұстаз" технология пәні мұғалімі Ахмедина Ғалия марапатталды.
- Ал, жүлделі ІІІ-орын математика пәні мұғалімі Альжанова Айдана;
- ІІ - орын психолог Жүніс Ақерке;
- І - орын физика пәні мұғалімі Базарбай Жеміс;
- Бас жүлде өзін-өзі тану пәні мұғалімі Қаламғазы Жүрсінбек иеленді!
Ұстаз деген ұлы есімді арқалаған әрбір ұлағатты ұстазға еңбекте табыс, шығармашылық ізденістер тілейміз!