Байдалы би ауылдық округі
24589, 24506
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Атасу ЖОББМ"-де 1-12 ақпан аралығында ""Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік апталығы.
18-02-2019 10:34

Атасу жалпы орта білім беретін мектебінде 1-12 ақпан аралығында ""Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік апталық болып өтті. Бұл апталықтың басын өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муртазаева Есенкүл, Қаламғазы Жүрсінбек апталықтың жоспарымен таныстырып, оқушыларды белсенді түрде ат салысуға шақырды.

Жоспар бойынша 07.02. күні "Мейірім төгетін анашым" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Бұл байқауда оқушылар өздерінің анаға деген құрметін өлең шумақтарымен жеткізе білді. Апта ішінде "Мен бақытты баламын", "Руханилықтың мөлдір бұлағы" тақырыптарында сурет байқауы ұйымдастырылды. 02.02. "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл акция барысында "Жас ұлан" ұйымының қатысуымен ауылымыздағы жалғыз басты қарт кісілерге көмек көрсетілді.Бұл акцияның мақсаты оқушылардың адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық қасиеттерін дамытып, патриоттық сезімдерін ояту. 08.02 күні "Денсаулық - өмір негізі" 1-4 сынып оқушылары арасында шағын футбол сайысы болып өтті. 5-9 сыныптар арасында 09.02. күні "Қайырымдылық - жер бетінде " флеш-моб сайысы, "Қазіргі жастардың патриоттық, қайырымдылық, мейірімділік сезімі қандай дәрежеде?" атты дебат ұйымдастырылды. Осы апталық аясында осындай көптеген іс-шаралар өткізіліп, оқушылар өте белсенді түрде қатысып, 12.02 күні "Өзін-өзі тану әлемі, қандай өзі әдемі!" онкүндіктің қорытынды жабылу салтанатында белсене қатысқан оқушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.