Атасу ЖББМ 1 сәуір күні БІРІНШІ СЫНЫПҚА құжаттарды қабылдау басталды.
АТА -АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Құрметті ата-аналар !
1 - ші сыныпқа қабылдау 2024 жылдың 1 сәуір - 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Ата-аналар баланың құжаттарын электронды үкіметтің egov.kz веб порталы арқылы тапсыра алады. Балалар 1-ші сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге 065 у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 056-2/у баланың денсаулық паспорты және баланың 3*4 екі фото суреті болуы керек. Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.