17 қаңтар күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жиын өтті.
17 қаңтар күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жиын өтті. Жиынға пәндік бірлестік жетекшілерінің және штаттық қызметкерлердің қатысуымен келесі сұрақтар қаралды:
✔️Баланы табысты өмір сүруге бейімдейтін ортаны қалай қалыптастыруға болады?
✔️Мұғалімдер мен ата-аналардың педагогикалық одағын қуатты тәрбие күшіне қалай айналдырамыз?
✔️Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытына мамандарды қалай дайындаймыз?Маңызды сұрақтар төңірегінде тәрбие ісінің орынбасары Тусупбаева Сәлия, әлеуметтік педагог Райымбекова Айгүл, 10 сынып жетекшісі Альжанова Айдана сөз алып, пікіралмасып, өзара талқылау жұмысы жүргізілді.