Ән – көңілдің ажары
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай.
Сабақтың мақсаты:
- Қазақ халқының музыкасының бір арнасы - ән өнері, оның сырлары жайлы ұғындыру, осы өнерді түсіне білуге үйрету.
- Оқушылардың ынта - жігерін, бойында бар қабілетін арттыру, жалпы өнерге деген құштарлық сезімдерін жетілдіру, әрі дамыту.
- Ән арқылы, өнер арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.