Байдалы би ауылдық округі
24589, 24506
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Облыстық "Зерек бала" зияткерлік сайысында Атасу Мектебі 2-орын иеленді!
19-05-2022 09:52
Облыстық

Қарағанды облысы білім басқармасының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу және жалпы орта білім беру бөлімі, "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы 5-6 жастағы балаларға арналған облыстық "Зерек бала" зияткерлік сайысын ұйымдастырған болатын. Жаңаарқа ауданының мектепке дейінгі ұйымдары арасында 13 мамыр күні әдіскер Ашықбекова Күлшат Мұқыжанқызы ның ұйымдастыруымен аудандық кезеңі өтті. Шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Сыздыков Жалын Айтбекұлы, АББ әдіскері Ахметкалиева Дана Советхановна, Мәдениет сауықтыру орталығының балалар мен жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Айтжанова Айман Айтжанқызы, Аналар кеңесінің төрайымы Орынғожина Сәулеханым Ернарқызы, Балғатай Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының кітапханашысы Ақмолдина Әсем Құрақбайқыздары әділ-қазылар мүшесі болды. Әділ қорытынды шығарып, қатысқан 5 топты марапаттады. О.Жұмабеков тірек (РО) мектебінің мектепалды даярлық сынып оқушылары бас жүлдені жеңіп алды.Б.Амалбеков тірек(РО) l орынға, Атасу ЖББ мектебі ll орынға, Е.Шаханов тірек (РО) қазақ және орыс сыныбының топтары lll орынға ие болды.Естелік фотаға түсіп,ата-аналар мен балалар керемет көңіл күймен тарқасты!