Байдалы би ауылдық округі
24589, 24506
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық форум өткізілді.
25-04-2022 10:11
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық форум өткізілді.
«Ең әуелі мектепке керегі-білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім». А.Байтұрсынұлы
22.04.2022ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық форум өткізілді. Бұл наурыз айында Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өткізген облыстық форумның жалғасы еді. Бастысы тіл жанашырлары, аяулы ұстаздарымызбен бетпе-бет кездесіп, түйкілді мәселелерді талқылап, ұсыныстарын естідік. Ұлт Ұстазы өзінің "Оқыту жайынан" атты мақаласында "... оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі кұралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу жүреді..." дегенді айтты. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақты еңбек етті. Ендеше әр әдіскер үшін осы пікір нақты бағыт болуы керек. Мұғалімнің шеберлігін шыңдап, бағыт-бағдар беретін әдіскерлер. Форумның негізгі идеясы А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасымен байланыс тауып жатты. Көптен ойда жүрген шара ұстаздар қауымына жаңа серпіліс, жаңа бағыт берді. Еңбектеріңіз жемісті болсын!