Атасу ЖББ мектебінде «Жасыл Қазақстан» атты экологиялық сауаттылық апталығы салтанатты жиынмен басталды.
Тақырып: «Жасыл Қазақстан»
Күн ұраны: «Ғаламшарды бірге сақтайық!»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ЖББ мектебінде 19-24.04.2021 жыл аралығында «Жасыл Қазақстан» атты экологиялық сауаттылық апталығы басталды.
1-11 сыныптар аралығында Экологиялық сауаттылық апталығының салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, оқушылар «Жасыл Қазақстан » атты экологиялық сауаттылық апталығының жоспарымен танысты.
Апталықты өткізудің мақсаты: экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты және қоршаған ортаны аялау.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру.