Байдалы би ауылдық округі
24589, 24506
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
24-11-2020 15:18
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы аясында 9-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын жүзеге асыру бойынша Атасу ЖОББ мектебінде іс-шаралар жоспарланып, стенд жасалды.Іс-шара аясында ақпараттық науқанның жоспары бекітіліп, мектеп психологы А.Жүніс құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Сенім жәшігіне» түскен хаттарды тіркеп, арыз-шағымдар бойынша жұмыстар жүргізді.Мектептің әлеуметтік педагогы А.Райымбекова оқушылардан 

« Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын?" тақырыбында сауалнама алды.

 8-10 сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?» атты эссе байқауы және бастауыш сыныптарда «Менің зорлық-зомбылықсыз отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 5-11 сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Біз өз проблемамыз туралы» тақырыптарында сынып сағаттар өткізілді. Мектеп психологы 9- сынып оқушыларымен «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу» атты тренинг сабағын жүргізді. Ата-аналарға «Өз балаңызды қалай қорғауға болады?» және оқушыларға «Сенің қауіпсіздігіңді ойлаймыз!»  атты ескертпелер (жадынама) таратылды. Мектепшілік «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық  науқанына сынып жетекшілері, ата-аналар мен оқушылар белсене ат салысып, іс-шара бойынша жұмыстар атқарылды. Аталған іс- шара жыл бойы жалғасын таба береді.