Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы ақпарат
Атасу ЖОББ мектебінде қаңтар ыстық тегін тамақпен 28 оқушы қамтылған. Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамту үнемі басты назарда болып жұмыстар жүргізіледі.Тамақтану І ауысымда, үлкен үзіліс уақытына белгіленген. Тамақтану кезінде мектеп медбикесі, әлеуметтік педагок, кезекші мұғалім тамақтануды қадағалап тұрады. Мектеп асханасы санитарлық талапқа сай. Арнайы тамақтанудан кеңестер берулербойынша, оқушыларға тамақтану кезіндегі гигиенасын сақтау жөнінде мағлұматтар беріп тұратын баннерлар ілінген.