Байдалы би ауылдық округі
24589, 24506
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Отбасы - бақыт мекені»
14-09-2019 14:43
«Отбасы - бақыт мекені»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында мектебімізде «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апта өткізілді.

         Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Апталықта мектеп директоры бекіткен  келесі іс-шаралар жоспарланып өткізілді:

          - 6 қыркүйекте «Отбасы-бақыт мекені» апталықтың ашылу салтанаты;

          - 9 қыркүйек күні 3-4 сыныптардың ата-аналарымен «Мен, сен, ол, біз, бірге берік отбасымыз» атты спорттық сайыс;

- 10 қыркүйек күні 1-сынып ата-аналарына арналған «Жанұясыз адам-бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз және жеміссіз ағаш» тақырыбында  психологиялық тренинг;

«Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында  4,5,6,7 сыныптар арасында сурет көрмесі және 8-9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімнің тәрбиесіне кім жауапты?» тақырыбында «Ұшқыр ой» дебат пікірталас сайысы;

13 қыркүйек күні  апталығымыздың қорытынды кезеңінде «Отбасым менің қуатым» атты флешмоб және «Шығармашыл отбасы» тақырыбында әдеби поэзиялық кеш өтті.