Байдалы би ауылдық округі
24589, 24506
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Мектебімізде «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен Жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» болып өтті.
02-09-2019 16:46
Мектебімізде «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен Жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» болып өтті.

Атасу ЖОББ мектебінде 2 қыркүйек күні, сағат: 10:00 де 2-11 сынып оқушылар аралығында  «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен Жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» болып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тусупбаева С.Ж. баяндамамен, слайдтармен таныстыру барысында бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі оқу орындарында бірыңғай «Адалдық  сағаттары» өтіп жатқандығы жөнінде хабардар етті.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күн  тәртібіндегі басты мәселе екендігі және адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім сияқты негізгі құндылықтары туралы кеңінен насихатталды. Республика бойынша болып жатқан тіркелген қылмыстардың  азайып, көбеюі туралы слайд түрінде деректер көрсетілді. Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «Адал ұрпақ»  мектеп клубтары мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің негізгі мақсаттарымен таныстырылды.