АПҚО-11- сынып

11 сынып оқушыларының ата-аналарымен АПҚО сабағы өтілді
Тақырыбы: Күйзелістен шығар жол
Сабақтың мақсаты: ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері:
- ата-аналардың баласын күйзеліске төзімділікке үйрету дағдысын дамыту;
- ата-аналардың күйзелістің көріністері және одан шығу әдістері, мінез-құлқын эмоционалдық реттеу және баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеті туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
- күйзелісті ресурстық күйге айналдыру дағдыларын қалыптастыру, баланың күйзеліске төзімділігін арттыру құралдарын меңгеру.