
Бұл күн – сұлулық пен нәзіктіктің, мейірім мен аналық махаббаттың, шексіз қамқорлық пен ізгіліктің мерекесі. Мектебіміздің әрбір әйел заты – ұлағатты ұстаз болсын, мейірімді ана болсын, адал қызметкер болсын – барлығы да осы білім ордасының берекесі мен ажары, жылуы мен шуағы. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жанашырлықтарыңыз әрбір шәкірттің болашағына, әрбір әріптестің көңіл күйіне, мектептің жайлылығы мен тәртібіне тікелей ықпал етеді.
Біз сіздердің мектеп өміріндегі рөлдеріңізді жоғары бағалаймыз! Ұстаздық жолда білім нәрін себуші жандарға – сарқылмас шабыт пен мықты денсаулық, техникалық қызметкерлерге – еңбектеріңіз жемісті болып, әр күніңіз қуанышқа толы болсын деп тілейміз. Әр таңдарыңыз нұрлы, әр істеріңіз табысты болсын!
Сіздерге тек шаттық, мол бақыт, мықты денсаулық, жан тыныштығы мен сарқылмас қуат тілейміз! Отбасыларыңыз аман, жүректеріңіз мейірім мен махаббатқа толы болсын!
Көктемнің осы шуақты мерекесі құтты болсын!