Көтеріңкі көңіл –күй сыйлай отырып, оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасын нығайту.

Мектеп Парламенті Алғыс айту күніне орай ерекше бейнеролик әзірледі. Бұл күн – айналамыздағы адамдарға шынайы ризашылығымызды білдіріп, жылулық пен мейірім сыйлайтын ерекше сәт. Бейнероликте оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне алғыс айтып, жақсылықтың, қамқорлық пен ізгіліктің маңызын жеткізеді.
Шынайы ризашылық білдіру – жүректі жылытатын қасиет. Кішкентай “рақметтің” өзі үлкен қуаныш сыйлай алады. Алғыс айтайық,алғыс алайық!