Размер шрифта:
↑Наверх
Ынтымақ ауылдық округі
2-43-21, 24547
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 479
жаман - 105
жақсы - 70
жай ғана - 59
жауап беруге қиналамын - 52
Барлығы дауыс берді: 765
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Есірткіге жол жоқ!» челленджі аясында шаңғыдан достық кездесу
31-01-2025 12:36
«Есірткіге жол жоқ!» челленджі аясында шаңғыдан достық кездесу

2025 жылғы 31 қаңтар күні Ынтымақ ЖББМ-де «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ұйымдастырған «Есірткіге жол жоқ!» челленджі аясында 8-9 сынып оқушылары арасында шаңғыдан достық кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық денсаулығын нығайту, оларды жаман әдеттерден бас тартуға ынталандыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Жарысқа қатысушылар таза ауада спортпен шұғылданып, дене шынықтырудың маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.

Достық кездесу барысында оқушылар өзара жарысып қана қоймай, командалық рухты нығайтып, бір-біріне қолдау көрсетті. Шаңғы жарысы оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды белсенді демалысқа ынталандырды.

Іс-шара соңында қатысушылар марапатталып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Мұндай бастамалар оқушылардың дұрыс таңдау жасауына ықпал етіп, оларды жауапкершілікке, өз болашағына саналы қарауға баулитыны сөзсіз.