Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 27 желтоқсан күні “Dreamers Night” атты жаңа жылдық кеш өткізілді.

Кеш бағдарламасы түрлі қызықты қойылымдар мен шығармашылық нөмірлерге толы болды. Қатысушылар өз таланттарын көрсетіп, көрермендерді әсерлі сәттерге бөледі. Сонымен қатар, шара барысында жаңа жылдық көңілді байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
“Dreamers Night” – бұл тек жаңа жылдық мереке ғана емес, сонымен қатар ынтымақты, достық қарым-қатынасты нығайтатын шара болды.