Ынтымақ ауылдық округі
2-43-21, 24547
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 479
жаман - 105
жақсы - 70
жай ғана - 59
жауап беруге қиналамын - 52
Барлығы дауыс берді: 765
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Қымбатты Ынтымақ ауылының ата-аналары және Ынтымақ ЖББМ-нің оқушылары және балғын бөбектері!
20-11-2024 11:44
Қымбатты Ынтымақ ауылының ата-аналары және Ынтымақ ЖББМ-нің  оқушылары және балғын бөбектері!

Бүгінде біздің елімізде балаларымыздың білім алуына, спортпен шұғылданып, түрлі қабілеттерін шыңдауына, демалыстарын тиімді өткізуіне жағдай қарастырылған. Әр сәбидің амандығы, бөбектеріміздің денінің саулығы да мемлекетіміздің басты назарында. Елдің ертеңіне, болашағына баланған балғындардың бейбіт күнде қауіпсіз өмір сүруі, әр күнін шаттыққа толы өткізуі бүгінгі аға буынның, қоғамның алдында тұрған әуелгі міндеттердің бірі.

Құрметті бүлдіршіндер! Біз үшін, яғни әрбір ата-ана үшін бұл өмірдің бақыты сәбилерінің мейірімге бөленіп, риясыз күлгенін, олардың бақытты жүздерін көру. Өмірімізге әр беріп, мәнін кіргізген, көңілімізге қуаныш сыйлаған балғындарға айтар тілегім дендеріңіз сау болсын! Әрдайым ата-аналарыңызды қуантып, білім алып, еліміздің жарқын болашағына айналыңыздар. Баршаңызға бақытты балалық тілейміз!

Тілек білдіруші Ынтымақ ЖББМ ұжымы