Размер шрифта:
↑Наверх
Ынтымақ ауылдық округі
2-43-21, 24547
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 479
жаман - 105
жақсы - 70
жай ғана - 59
жауап беруге қиналамын - 52
Барлығы дауыс берді: 765
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
АПҚО.«Әр нәрсенің өлшемі бар...» «Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады»-сабақ
27-03-2025 18:03
АПҚО.«Әр нәрсенің өлшемі бар...» «Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады»-сабақ

Ақпан айында 7-сынып жетекшісі Таженова Г-«Әр нәрсенің өлшемі бар...» «Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады» тақырыбында 7-сынып ата-аналарына  сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Міндеттері: - ата-аналардың баламен оң қарым-қатынас жасауға, жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға деген ұмтылысын дамыту; - ата-аналардың жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі және мінезқұлықты реттеу тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту; - жасөспіріммен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ. Әдістері: пікірталас, миға шабуыл, тренинг жаттығулары болды. Сабақ аяқталғаннан кейін ата-аналар  эмоцияларды бала жағдайының көрсеткіші ретінде қарастыруды, «қажет» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізе алуды, жағымсыз эмоцияларды жағымды эмоцияларға айналдыра алуды, жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмін және мінез-құлықты реттеу тәсілдерін игеруді,баламен нәтижелі қарым-қатынас жасау дағдыларын игеруді білді.