"Наркобекет"

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 29 қаңтар күні, наркологиялық бекеттің жұмыс жоспарына сәйкес, 8-11сынып оқушыларына "Есірткісіз болашақ" тақырыбында кеңестер беріліп, бейнеролик көрсетілді. Мақсаты:Оқушылардың есірткінің зияны туралы білімдерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Оқушылар бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын білдірді Өткізген әлеуметтік педагог:Кокина Г.А #наркобекет #біртұтастәрбие