Ынтымақ ауылдық округі
2-43-21, 24547
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Ертегілер еліне саяхат» атты ашық сабақ
07-12-2023 10:05
«Ертегілер еліне саяхат» атты ашық сабақ

Тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты:Ертегі желісі арқылы баланың қызығушылығын оятып,тілін дамыту.Тапсырма беру арқылы тура және кері санау,геметриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту;Балалардың танымдық үрдістерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту,қиялын ұштау.

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,тапсырмалар орындау,1ден 5ке дейінгі сандарды тура және кері санау.

Көрнекіліктер:Ертегі суреттері,1-5кедейінгі сандар,пішіндер,музыка,бояу, ермексаз,ұн,құрастырғыш,Қуыршақ театры.сиқырлы шаршы .

Сөздік жұмыс:Ертегі,кейіпкер,пішін,сан

Балалармен амандасу(нейро жаттығу) музыкасымен

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар бізде бүгін ерекше күн!Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті ,қане қонақтармен  сәлемдесейік.

Үлкенгеде сіз,

Кішігеде сіз.

Үлкендерді құрметтеп

Бас иеміз біз.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

-қыста неше ай бар?

-Үш ай бар желтоқсан ,қаңтар, ақпан

-Жарайсыңдар балалар !

Негізгі бөлім:

Балалар қазір біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа  шығамыз,ертегілер еліне бару үшін  ертегі кейіпкерлеріне  айналайық.Балалар ертегі кейіпкелерінің бет перделерін киіп алады(ертегілер әуеніне қосылып ,қимыл жасайды). Әуен А.Қалаубаева «Ертегілер»Балалар біз ертегілер еліне саяхатқа қалай барамыз?Әрине ,сиқырлы кілемге  отырып  ұшып барамыз,көзімізді жұмып отырамыз (кілемге отырады)

Тәрбиеші:Міне балалар ертегілер елінеде  келдік.

Балалар қараңдаршы,алаңда бір  үй тұр,қане есімізге түсірейік бұл қай ертегідегі үй екен?

Балалар:Үйшік ертегісіндегі үй,неткен керемет бұл үйде кім тұрады?

-Пи-пи-пи неткен әдемі үйшік деп тышқан жүгіріп келедіҮйшікейде кім тұрады?Мені де кіргізіңіздерші.

Балалар қараңдар үйдің ішінде хат бар екен,хатты ашып оқимызба?

Балалар тышқан үйге кіру үшін тапсырма орындауымыз керек екен, тышқанға көмектесемізба?

Балалар:-Ия көмектесеміз

                   1.тапсырма:Ойын«Сиқырлы шаршы»

Сиқырлы шаршыны лақтыру арқылы  балалар  соған сәйкес жердегі пішіндерді басып өтіп,әрқайсысы.Сандар әлеміне өтеді. Тышқан үйшікке кіреді.

Секіріп-секіріп  жан –жағына қарап қорқақ қоян келеді.

Неткен үйшік?Үйшікте кім тұрады?

2-тапсырма«Сандар аралы»

1ден5ке дейінгі сандарды өсу және кему ретімен санайды.Стол үстіндегі сандарды ретімен қояды.   

 Тяф-тяф-тяф Қандай әдемі үйшік,үйшікте кім тұрады?деп түлкі келеді

Түлкіге көмектесейік.

3-тапсырма«Бұл қай ертегі?»сиқырлы додокаэдр  лақтыру арқылы

Суретке қарап қандай ертегі екенін айту керек.Ертегі кейіпкерлерін атау.

Бақ-бақ-бақ деп секіріп бақа келеді

4-тапсырма Жұмбақ шешу

Өзі қу,жүрген жері айқайда шу(түлкі)

-Көзі  қысық,құлағы ұзын және қорқақ аң (қоян)

-қорбаңдаған ,епсіз,өзі  балды жақсы  көреді(аю)

-түсі сұр,тісі ақсиған,сондай қорқынышты (қасқыр)

Ентіге ж ортып қасқыр келеді ,үйшікейде кім барау ішінде оның кім тұрады ?

Меніде кіргізіңіздерші

                                       

5.тапсырмаБалалар себеттен  түрлі-түсті доптарды алып  түсіне қарай

Столға отырып тапсырма орындайды .

Қызыл түс шаршы«көлеңкесін тап» суреттің көлеңкесін тауып,сызып көрсетеді

Сары түс«Сәйкес келмей тұрған  затты тап»

Жасыл түс  шеңбер  лабиринт арқылы жолды табады

                                               
Қорбаңдап аю келеді

Қандай әдемі үйшік .Үйшікейде кім тұрады?Мені де кіргізіңдерші.

6-тапсырма «Балапан» әнін  қимыл жасап тұрып орындайды.

Балалар тапсырманы орындап үйшікке барлық аңдарды кіруге көметестік ,барлығы риза болып сендерге рахмет айтып жатыр.Жарайсыңдар балалар!

Ендеше балалар бүгінгі  іс-әректімізде алған  әсерімізді шығармашылық  орталығына барып жалғастырайық.

 

1 топ  ермексаздан  тышқан

2топ   пішіндерден құрастыру қоян

3топ    сурет салу  жабайы жануарлар көлеңкесңн салу(ұнмен жұмыс)

4 топ  қиылған пішіннен түлкі жапсыру.

Жарайсыңдар балалар ,бүгінгі іс әрекетіміз ұнадыма ?

Бүгін біз сендермен қандай ертегімен таныстық?

Нешеге дейін санап үйрендік?

Қандай пішіндермен ,түстермен таныстық?

Балалар бүгінгі оқу іс  әрекетімізге өте жақсы қатыстыңдар.

Жарайсыңдар!