Ынтымақ ауылдық округі
2-43-21, 24547
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 445
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 706
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
“ Мектебім – мейірім мекені!”
01-09-2023 16:50
 “ Мектебім – мейірім мекені!”
Барлығымыз да сағынышпен күткен “ Мектебім – мейірім мекені!”атты білім күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарада бірінші болып ауылымыздың әкімі Н.Абдиков мектеп табалдырығын аттаған оқушыларды құттықтап сөз сөйледі. Сөз кезегін мектеп директоры А.Тезекбаева оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап ақ жол тіледі. Өткен оқу жылында мұғалімдер мен оқушылардың жеткен жетістіктерін атап өтті. 
Құндылық: Ұлттық мүдде
Мақсаттары: 
1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
2. Дамытушылық: Адамгершілік,адалдық туралы мақал - мәтелдер, өзіндік ой - пікірлерімен бөлісу арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу;
3. Тәрбиелік: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту; көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін бағалау қабілеттерін дамыту.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты. Алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын алғаш басқан бүлдіршіндер алғашқы ұстаздарымен сынып сағаттарына қатысты.