Мекен -жайы :
Қазақстан Республикасы, инд: 100500, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин ауылдық округі, Ынтымақ аулы, Жеңіс көшесі, 10 ғимарат. zhana_ intumak@mail.ru. Тел: 871030-24-3-21.
Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды.
Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
орта деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің курстары мұғалімдерінің техникалық және кәсіптік педагогикалық білім болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру ұйымының шеңберінде озық тәжірибе мектептерінің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтілінсіз академиялық магистр дәрежесінің болуы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтар жұмысына жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі кемінде 4 жыл, немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 2 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы, өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру ұйымының іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 4 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл;
Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілер.
БӘД оқытушы-ұйымдастырушы: жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік (әскери, запастағы офицер), тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы қажет.
Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге қойылатын қосымша біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім пән бойынша тиісті біліктілік курстарынан өту туралы сертификат болған жағдайда.
Ескерту: жұмыс оқу жоспарының бөлігінен вариативтік курс жүргізген кезде негізгі пән бойынша біліктілік санаты сақталады;
педагогикалық білімі жоқ тиісті бейін бойынша маман жұмыс оқу жоспарының вариативтік бөлігін оқытқан кезде біліктілігі орта деңгейдегі мамандықтарға теңестіріледі;
жоғары әскери (запастағы офицер) білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушысының біліктілік санаты жоғары педагогикалық білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушының біліктілік санатына теңестіріледі.
1995 жылға дейін орта мектептің ХI педагогикалық сыныбын бітірген тұлғалар біліктілігі орта деңгейлі маман болып есептеледі.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша
Нысан
|
________________________________ |
____________________________________________________________________
кандидаттыңтегі, атыжәнеәкесініңаты(барболса), ЖСН
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмысорны)
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Нақтытұратынжері, тіркелгенмекенжайы, байланыстелефоны
Өтініш
Менібос/уақытшабослауазымғаорналасуғаарналғанконкурсқажіберуіңіздісұраймын(керегініңастынсызукерек)
____________________________________________________________________ білімберуұйымдарыныңатауы, мекенжайы(облыс, аудан, қала/ ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
___________________________________________
лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
Біліктіліксанатыныңболуы(берген(растаған) күні):________________________________________________________________________________________________
Педагогикалықжұмысөтілі:________________________________________
Келесіжұмыснәтижелерімбар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы, сондай-аққосымшамәліметтері(болғанжағдайда)
________________________________________________________