Ағылшын тілінен ойын сабақ
Сол күнгі ойын сабақта балалар топтасып отырды. 3 топқа бөлінді. Балаларға 3 конверт берілді. 1-ші конверттің сыртында үйдің суреті, екіншісінде сөмкенің суреті, үшіншісінде баланың суреті. Әр топ өзіне берілген суреттерге байланысты тақтадағы ағылшынша сөздерді конвертке салды. Содан кейін әр топтан бір-бірден балалар шығып, кубикти лақтырды. Кубикте 1 ден 6 ға дейін сандар болды, сол санның түсуіне байланысты ұяшық ашылды. Әр ұяшықта логикалық сұрақтар бар. Балалар сол сұрақтарға жауап берді.