Ынтымақ ЖББМ-нің бастауыш сыныптар бірлестігінің "Ұланымыз Ұлы елдің" атты апталығы.
Ынтымақ ЖББМ-нің бастауыш сыныптар бірлестігінің 22.11-26.11.2021 аралығында "Ұланымыз Ұлы елдің" атты апталық бастау алды. Апталықтың мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендіктерін терең ұғындыру, сапалы білім беріп, шығармашылық белсендігін арттыру. Ұлы адамдардың өмірі мен шығармаларымен оқушылардың таныстыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Апталықтың бірінші күні Г.Т.Койгелдинаның ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай " Кел,балалар оқылық!" деген тақырыпта апталықтың ашылуы өтті.