Ынтымақ ауылдық округі
2-43-21, 24547
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ынтымақ ЖББМ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң
25-06-2021 22:48
Ынтымақ ЖББМ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң

Заң, құқықта (ағылш. law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.