Размер шрифта:
↑Наверх
Ынтымақ ауылдық округі
2-43-21, 24547
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Отбасы-тәрбие,мектеп-тәрбие жаршысы»
25-10-2019 15:33
«Отбасы-тәрбие,мектеп-тәрбие жаршысы»

Ынтымақ жалпы орта білім беретін мектебі бойынша

«Отбасы-тәрбие,мектеп-тәрбие жаршысы»  тақырыбында

   біріңғай сынып сағаттары өтті

25 қазан күні «Отбасы-тәрбие,мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында

1-10сыныптарда біріңғай сынып сағаттары өтті.

Сынып сағаттар отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігін, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдатуын,әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтауда,баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығын,оның патриоттық көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

1сыныпта Акпарова А ұйымдастыруымен «Отбасы –жылулық ошағы» тақырыбында видеоролик,әңгіме өткізсе,2сыныпта Башенова Б «Менің отбасымның тарихы» тақырыбында.оқушылар отбасылық фотоальбомдарын әкеліп,отбасы тарихымен таныстырып,әңгімеледі.3сыныпта Қойгелдина Г «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыбында,өз отбасындағы ата-әже,әке-ана мейірімділігі жайлы әңгімелеп,сабақ соңында,отбасы киіз үй сияқты,уығы мықты болса,шаңырағы шайқалмай,ғұмырлар бойы,отбасылық бірлік сақталады деп,киіз үйді мысалға келтіріп қорытындылады.4сынып жетекшілік ететін сынып оқушылары «Барлығы отбасынан басталады» тақырыбында,әр оқушы өз отбасының мүшелерінің суреттерін салып келіп,сол бойынша таныстырды.5сыныпта Балтабекова Ә ұйымдастыруымен,оқушылар «Менің отбасымның тарихи суреттері» атты суреттер тарихымен таныстырды.КокинаН 6сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Менің жанұямның тарихы» атты тарихи деректер көрсетті.Оқушылар өздерінің баға жетпес отбасылық құндылықтарымен бөлісіп,мақтанышпен баяндады.7сыныпта Бейсекеева А

«Отбасың сенімен әрқашан бірге»тақырыбында сайыс өткізді.Тукенов Н 8сынып оқушыларымен «Отбасы-шағын мемлекет» атты сынып сағатын өткізді.Оқушылар өз отбасылары жайлы видеороликтер көрсетіп,отбасына арналған өлең жолдарын арнады.Мунжасарова Ғ 9сынып оқушыларымен бірге «Мен отбассымен мақтанамын»тақырыбында сынып сағатын өткізіп,оқушыларының отбасылары жайлы көптеген мәліметтер алды.10сыныпта Сайлаубаева Ж«Отбасылық рухани құндылықтары»тақырыбында сынып сағатын өткізді.Оқушылар өз отбасындағы баға жетпес құндылықтары,отбасылық дәстүрлері жайлы әңгімелеп,видеороликтермен таныстырды