Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар ЖББМ-інде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Бауыржан Момышұлы атамыздың туылған күніне орай көрме ұйымдастырылды. Жанар апай атамыздың әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға екенін оқырмандарына насихаттай отырып, оқушылардың Б.Момышұлына арнаған арнауы мен өлеңдерін тыңдадық. Кейіннен әскери-педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ берген атамызға еліміз тәуелсіздік алғаннан соң тұңғыш Президентіміздің жарлығымен "Халық қаһарманы" атағы берілді. Бұл іс-шара өткізгендегі негізгі мақсатымыз жас ұрпақты жігерлендіре отырып, Б.Момышұлының кітаптарын оқуға шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу. жаңаарқааудандықбілімбөлімі
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу