Ерікті мұғалімдер
Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық пен қамқорлық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ең қастерлі мереке Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында "Қызылжар жалпы білім беретін мектебі" КММ-інде "Ерікті мұғалімдер" тобынан құрылған және Қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлескен қайырымдылық акциясын өткізді. Кентіміздегі екі отбасына азық-түлік себеттерімен көмек көрсетті.