Денсаулык күні
2018 жылдың 8 қыркүйегінде С.Сейфуллина тындағы ЖОББ мектебінде ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, денсаулығы мықты тұлға тәрбиелеу мақсатында«Денсаулық фестивалі» өтті. Аталған іс шара мектеп директоры А.Ж. Тургимбековтың құттықтау сөзімен ашылды. Мектеп ауласында денешынықтыру пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен 1-11 сынып оқушыларының гимнастикалық жаттығулар орындалуымен басталып, «Арқан тартыс», «Гір тасын көтеру», «Көңілді старттар», «Шағын футбол» жарыстарымен жалғасты. Мұғалімдер мен оқушылар бір кісідей ат салысты.