Атасу кенті, Ә. Оспанова көшесі 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ата-аналар жиналысы отырысының хаттамасы
08-11-2023 14:58

Ата- аналар жиналысы отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Қатысқан: 40 ата-ана, 12 сынып жетекші                                   Күні: 10.10.2023 жыл

Күн тәртібінде

  1. 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері туралы;
  2. «Мектеп тарапынан ата-аналарға қойылатын талаптар» туралы;
  3. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысын ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру туралы;
  4. Әр түрлі мәселелер;

Тыңдалды:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Кулкаева, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті.

2023-2024 оқу жылындағы тәрбие саласында болатын өзгерістермен Қазақстан Республикасының оқу- ағарту министрінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мазмұнына тоқталып, бағдарлама 2023-2026 жылдарға арналғандығын, 3 негізі тәрбие құндылықтарына негізделгендігін түсіндірді. Тәрбиенің 3 негізгі құндылықтары: Ұлттық мүдде,  Ар- ұят, Талап құндылықтары аясында мектеп  оқушы ата-ана үштік одағы бірігіп отырып, жұмыс жасау керектігі айтылды. Сонымен қатар, мектепте Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің және де «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ ұсынған «Ата- аналарды қолдау орталығы жұмыс» жұмыс жасайтындығын айтып өтті. «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық» негізінде берілген ата-аналарға арналған  оқу бағдарламасымен жұмыс жүргізілетіндігін жеткізіп, Орталық аясында «Даналық мектебі» құрылып, оның «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секциялары жұмыс атқаратындығын, әр сексияның жылдық жұмыс жоспары жасалынғандығын, осы жоспар аясында жұмыс жасайтындығын айтты. Сонымен бірге жылдағыдай «Әкелер», «Аналар» мектебі жұмыс жасайтындығын, осы мектептер аясында да бірігіп жұмыс жасауға ата-аналарды шақырып, «Мектеп тарапынан ата-аналарға қойылатын талаптар» туралы ата-аналарды хабардар етті.

 

 

Сынып жетекшілер арқылы таратылған хабарлама желісінде мектеп формасын сақтау, түнгі 23:00 ден кейін ата-анасыз, заңды өкілінсіз жүрмеу, сабақ үстінде ұялы телефон ұстамау т.с.с ережелерді жеткізіп, 2022-2023 былтырғы оқу жылында ата-аналар комитетінің төрайымы  Тамабекова М.С болған тұғын, ол кісінің жұмысына «қанағаттанарлық» деп баға бере отырып, биылғы 2023-2024 оқу жылына да қалдыратынын  ұсынды.

 Ата-аналардың ұсынысы бойынша 2023-2024 жаңа оқу жылына арналған ата-аналар комитетінің құрамын былтырғы оқу жылындағыдай қалдыруды жөн көрді. Осыған орай,  сыныпта сайланған ата-аналар комитетінің төрайымдарына ата-аналарға арнап ортақ чат ашып, сыныптағы басқа ата-аналармен мектеп мәселелері мен жаңалықтары бойынша жұмыс жүргізуді сұранды. Жыл бойы мектепте атқарылатын мектепішілік іс-шараларға қатысып, қолдау білдіріп, көмек көрсетулері керектігіне тоқталды. Жиналыстың қорытындысында мектеп психологі А.Д.Шагирова  «Мен қандай ата –анамын?» тақырыбында қызықты тренинг өткізіп, соңы пікіралмасуға жалғасты.

Шешімі:

  1. 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері туралы айтылған баяндама

назарға алынсын.

  1. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мектеп-окушы-ата-ана үштік

байланысында жүзеге асырылсын.

3. «Ата-аналарды қолдау орталығы» ашылсын.

4. «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық» аясында ата-аналар сабағы жүргізілсін, ата-аналар тізім бойынша сабақтарға қатыссын.

5. «Мектеп тарапынан ата-аналарға қойылатын талаптар» ата-аналар

жадында ұстасын.

6. 2023-2024 оқу жылында ата-аналар комитетінің төрайымы больп

М.Тамабекова сайлансын.

7. Ата-аналардың мектеппен байланысы арттырылсын.

 

Жиналыс төрағасы:                              

Хатшы: